Владимир Зеленский Sky News арнасында Республикалық партия сенаторы Линдси Грэмнің отставкаға кету туралы ұсынысына жауап қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Грэм өте дұрыс адам. Егер ол Украина президенті кім болуы керек, кім отставкаға кетуі керек деп айтатын құқыққа ие болғысы келсе, мен оған азаматтық берейін, сонда оның даусы салмақты болып, мен оны Украина азаматы ретінде тыңдаймын, – деді Зеленский.
Сенатор Линдси Грэм Киевтің ең белсенді жақтастарының бірі болып, Украина мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты реттеуге тырысты, сондай-ақ минералдық ресурстар келісімін жасауға қатысты. Алайда Ақ үй-дегі жанжалдан кейін ол барлық әрекеттерінің сәтсіз болғанына қатты күйзелгенін мойындап, Зеленскийге отставкаға кетуді ұсынды.
Айта кетейік, өткен жұмада Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп, оның вице-президенті Джей Ди Вэнс және Зеленский арасында кездесу өтті. Кездесу соңы ашық сөзталасқа ұласып кетті.
Fox News мәліметінше, АҚШ президенті ашуланып, Киев басшылығын «бөлмеден шығарып жіберді», себебі кездесуде ол «құрметсіздік танытты».