"Зекет" қоры Семейге 22 оттегі концентраторын жеткізді

17 Шілде 2020, 21:20
1934
Бөлісу:
"Зекет" қоры Семейге 22 оттегі концентраторын жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Өмірге үміт сыйла" акциясы қолға алыңған болатын. Осыған орай Семей мешітері  қайырымдылық жобасын қолға алып, "Зекет" қорының ұйымдастыруымен Семей аймағына 22 дана өкпені жасанды тыныстандыру аппараты таратылды.

Өкпені жасанды тыныстандыру аппараттарын жанашар, жомарт халқымыздың "Зекет" қорына  жинаған қаражатқа алынды.

Қасиетті Құранның "Мәидә" сүресінің, 32-ші аятында: "Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең" делінген.  Бұл аппараттар  көрші Ресей мемлекетінен арнайы жеткізілді. Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген аппарат саналады. Көрші Ресей елінен аппараттарды сатып алу себебіміз – өте қысқа мерзімде бір-екі күнде келуі және де емханада жатқан науқастарға тез арада таратылуына мүмкіндік туды. Жеткізілген аппараттардың жалпы құны 7395000 теңгені құрады.Алла қаласа халықтың қолдауымен  тағыда басқада дәрі дәрмектер, керекті медициналық құралдар жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы акцияны қолдауға және үлес қосуға барша жанашар халқымызды шақырамыз!, - дейді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Өзгелердің жаңалығы