Өзбекстан Қытайдан озды. Бес күнде он мың орындық аурухана салды

31 Наурыз 2020, 12:30
5771
Бөлісу:
Өзбекстан Қытайдан озды. Бес күнде он мың орындық аурухана салды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Өзбекстанда 5 күннің ішінде COVID-19-дың кең таралуына байланысты 10 мыңдық карантиндік зона салынды деп хабарлады VRK.News.


Бүгінгі таңда Ташкент облысы Юкоричирчик ауданында салынған аумаққа 650 адам жатқызылған. Ғимарат ретінде 3 адамға арналған контейнерлер қолданылады. Әрқайсысында желдеткіш, жуынатын бөлме, душ және теледидар бар. 

Контейнерде жатқан адамдардың барлығы дерлік 27 наурызда чартерлік рейс арқылы шетелден келген Өзбекстан азаматтары. Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің айтуынша, 24 наурызда Мәскеу және Дубайдан рейстер келген.

Осыған дейін Өзбекстан Қытайдан озып бес күнде аурухана салатыны туралы жазғанбыз.
Өзгелердің жаңалығы