Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасын минадан тазартып болғанын хабарлады. Бұл туралы Тәжікстан үкіметінің күш құрылымдарындағы дереккөздеріне сүйеніп, "Азия Плюс" жаңалықтар сайты жазды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2018 жылы наурызда Тәжікстанға жасаған сапарында 2019 жылдың соңына дейін өзбек-тәжік шекарасындағы миналарды алып тастауға уәде берген..
Өзбекстан Тәжікстанмен арадағы шекараның таулы аймақтарын 1990 жылдардың соңында миналаған болатын. Ташкент бұл әрекетін "Өзбекстанның ислам қозғалысы" мүшелерінің шекарадан өтіп кетуіне жол бермеу" деп түсіндірген.
Душанбенің мәліметінше, соңғы 20 жылда Тәжікстаның 800-ден астам азаматы минаға түскен.