Зайытов билік туралы: Кресломен өлшейсіздер, үстіндегі адамдарымен емес

29 Наурыз 2023, 11:39
1302
Бөлісу:
Зайытов билік туралы: Кресломен өлшейсіздер, үстіндегі адамдарымен емес
Фото: egemen.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов билікке қатысты ойының қалай өзгергенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Сіз билікке қатысты сын айтып жүрдіңіз. Енді билікке деген ойыңыз өзгерді ме? ,- деп сұрады журналист VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясындағы үзілісте.

Жаңа депутаттың айтуынша, көбі билікті кресломен өлшейді.

Сіздер билікті кресломен өлшейсіздер, оның үстіндегі адамдарымен емес. Қазіргі таңда мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейін деп жатырмыз. Оның нәтижесі қандай болатынын бір Құдай біледі. Мен Қазақстанның дамуын қолдаймын. Мен белгілі бір адамдар мен топтарды қолдайтын азамат емеспін. Мемлекетке пайдасы бар, нақты мәселелер көп. Депутат мен Президентті қолдаймын, мен министрді қолдаймын деген болмауы тиіс, - деді Ринат Зайытов.

Өзгелердің жаңалығы