Зайсанға аптасына 4 рет ұшақ ұшады – ШҚО

31 Желтоқсан 2023, 02:32
1091
Бөлісу:
Зайсанға аптасына 4 рет ұшақ ұшады – ШҚО
Фото: baq.kz

Жаңа жылдан бастап «Өскемен – Зайсан – Өскемен» әуе бағыты бойынша аптасына ұшақ 4 рейс ұшатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес.

Алыс аудандар арасындағы жол қатынас мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып келеді. Алдағы 2024 жылдың 5 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында «Өскемен – Зайсан – Өскемен» әуе бағыты бойынша 4 рейс жиілігімен тікелей ұшақ қатынайтын болады. Ұшақ аптаның 3, 4, 5, 6 күндерінде ұшатын болады, – делінген басқарманың хабарламасында.

Сонымен қатар жүргіншілерге алдағы мереке қарсаңындағы теміржол маршруттарының кестесін де ұсына кетейік. Өскемен 1-Алтай және Өскемен 1-Риддер теміржол маршруттары 2023 жылғы 29, 30, 31 желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес жүретін болады.

Өзгелердің жаңалығы