Зайсанда қатты жел салдарынан тұрғын үй қасбеті ұшып кеткен

23 Қазан 2023, 13:15
467
Бөлісу:
Зайсанда қатты жел салдарынан тұрғын үй қасбеті ұшып кеткен
Фото: BAQ.KZ

Кеше түнде соққан қатты жел Зайсан ауданындағы бірнеше ғимаратқа зақым келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ  Altaynews-ке сілтеме жасап.

Спамбетов көшесіндегі 5 қабатты үйдің сайдингі ұшып кетсе, жеке үйлердің қоршауы мен Аубакиров саябағындағы ағаштар құлаған.

Қала әкімдігі жауапты тапсырма берілгенін, үйдің қабырғасы осы аптаның соңына дейін жөнделетінін жеткізді.

Тұрғындарда ешқандай қоңырау түскен жоқ. Аудандағы ТЖ қызметіне де жүгінгендер болмаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өскеменде коммуналдық қызметтер де қатты желдің салдарынан күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Қызметкерлер тротуарлар мен жолдар құлаған бұтақтарды тазалайды, сонымен қатар қала көшелерін жапырақтан тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ, - дейді «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК мамандары.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы апта өңірде қатты жел соғып, жауын-шашын болады.

Өзгелердің жаңалығы