Еріктілер Зайсандағы алапат дауылдың салдарын қалпына келтіруде

6 Қыркүйек 2020, 15:45
2369
Бөлісу:
Еріктілер Зайсандағы алапат дауылдың салдарын қалпына келтіруде
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 қыркүйекте Зайсан ауданында табиғи апат болды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, сағат 18:00 шамасында қатты құйын соғып, Қаратал ауылындағы 34 нысанды талқандап кеткен. 


Үйлердің шатыры, қора-жайлар, көшедегі бағаналар, қоршаулар қираған.

WhatsApp Image 2020-09-05 at 10.06.21.jpeg

Жауапты мамандар тұрғындармен кездесіп, келтірілген шығынды көздерімен көріп қайтты.


Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемісовтың айтуынша, табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай комиссиясы құрылған. Комиссия құрамында арнайы мамандар мен қоғам белсенділері және тұрғындар бар.

WhatsApp Image 2020-09-05 at 07.49.32.jpeg

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Серік Тілемісовпен бірге әр үйді аралап, актілеп қайттық. Қазір келтірілген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Бүгін ауыл көшелеріндегі ұшып кеткен заттарды тиеп, жинаймыз. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, - дейді Қаратал ауылдық округінің әкімі Қайрат Кәрімов.

Аудан әкімінің сөзінше, жан-жақтан жиналған еріктілер ауылдағы жөндеу жұмыстарын бастап та кеткен.


Қазіргі таңда Қаратал ауылындағы апаттан кейін құрылған аудандық төтенше жағдай комиссиясы мен облыстан келген комиссия мүшелері тұрғын үйлерді аралап, материалдық зақым келген үйлердің шығынын есептеп, қалыпқа келтіру жұмыстарын бастап кетті. Апаттан болған шығынды қалыпқа келтіру жұмыстарына құрылыс материалдары алынуда. Қаратал ауылында болған апаттан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарына әр ауылдақ округтерден және мектептерден еріктілер келіп жұмыс басталды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, - деп жазды Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин Facebook-тегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы