Зайсан көлінде жоғалған балықшылардың денесі табылды

Екі ер адам 22 қыркүйекте балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. Құтқарушылардың бірнеше күндік іздестіру жұмыстары аяқталды.

30 Қыркүйек 2026, 10:10
АВТОР
 istockphoto.com 30 Қыркүйек 2026, 10:10
30 Қыркүйек 2026, 10:10
118
Фото: istockphoto.com

Зайсан көлінде іздестіру жұмыстары аяқталды. 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

ТЖМ күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен қатысты.

Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жағалау сызығы мен көлдің акваториясын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, тексерді, - деп хабарлады ТЖМ.

Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен су бетіндегі толқынға, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді.

Еске салсақ, жақында ғана, яғни 18 қыркүйек күні сол Зайсан көлінде суға батып кеткен екі балықшының денесі табылғаны хабарланған болатын. Балықшылардың бірінің денесін жергілікті тұрғындар тапса, екіншісін ТЖМ сүңгуірлері жағадан 8,9 шақырым қашықтықтан анықтады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх