Зайсан ауданындағы газ Қытайға экспортталмайды - Даниал Ахметов

14 Шілде 2022, 15:46
1483
Бөлісу:
Зайсан ауданындағы газ Қытайға экспортталмайды - Даниал Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Сарыбұлақ  кен орнындағы газ  Қытайға экспортталамайтынын айтты.

Осы мәселе бар. Біздің позициямыз былай болды. Мен экспортқа қарсы шықтым. Қалай болғанда 75 млн-ды Қытайға жібермей тұрмыз. Қазір  328 млн газ қоры қалды . Оның бәрі халыққа беріледі. Сол себепті біз «Тарбағатай Мұнай» компаниясымен келісімге келдік. Бірде бір газ ешқандайда кетпеуі қажет. Бәрі әлеуметтік салаға кетеді, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Әкім  кенде барлау жұмыстарының  жүргізіліп жатқанын айтты.

Егер қосымша газ көздері болса, онда халықпен ақылдасып, екінші шешімді көреміз. Жағдай жаман емес. Ол жерде қазір мұнайда ашылды. Тағы қайталап айтамын біз бірде бір кубометр газды экспортқа жібермейміз, - деп атап өтті Даниал Ахметов. 

.Сондай-ақ Даниал Ахметов ШҚО туризміне 5,4 млрд теңге инвестиция тартылатныны атап өтті.

Ахметовтың атап өтуінше, аймақта ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері бұл салаға 5,4 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Оның 1,5 млрд теңгесі Катон-қарағай ауданының Өрел ауылына 250 орынды туристік кешен салуға бөлінген.

Оның ішінде Бұқара су қоймасы жағалауында 12 демалыс базасы мен қалаларда - 10 туристік нысан салу басталды. Бұған дейін Алакөлге 17 млрд теңге салған едік, енді инвестицияны Бұқтырма жағалауын дамытуға бөлеміз. Алдағы 3 жылда ол жер адам танымастай өзгереді, - деп сендірді Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы