Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді қажет ететін проблемалық мәселелердің тізбесі қалыптастырылды. Бұл тізім 140 мәселеден тұрады. Сұрақтардың басым бөлігі, республикалық бюджеттен қаржы бөлу қажеттілігіне байланысты, оның ішінде: өңірлерде 18 мәселе бойынша қажетті құжаттама жоқ; бірнеше кезеңде қаржыландыруды қажет ететін 22 ірі жобалар мен жүйелі мәселелерге республикалық бюджеттен ағымдағы жылы 102,9 млрд теңге қарастырылған, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Мысалы, «Донское-Бадамша-Ақтөбе-Орск» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасының жалпы құны 5,9 млрд теңге болса, биыл жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді немесе Зайсан ауданының халқын газбен жабдықтау үшін 2022 жылы 2 жаңа жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 570 млн теңге бөлінді. Ал 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында осы 2 жобаны іске асыру үшін 730,5 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді, - деді Әлібек Қуантыров.