Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 сериялы халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Турнирдің 6-нөмірлі қатысушысы ретінде тіркелген Зарина алғашқы кездесуінде жергілікті спортшы, рейтингте 959-орында тұрған Киса Ёсиокадан басым түсті. Матч 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.
Ойын бір сағаттан сәл астам уақытқа созылып, екінші сетте Зарина қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермеді – бірде-бір гейм ұтқызған жоқ. Енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін рейтингте 875-орында тұрған тағы бір жапондық спортшы – Лиза-Мария Риумен кортқа шығады.
Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайтын бұл турнир 18 мамырда мәресіне жетеді.