Зарина Дияс Серена Уильямспен ойнайды

12 Тамыз 2019, 16:19
1426
Бөлісу:
Зарина Дияс Серена Уильямспен ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мейсонда (Огайо штаты) өтіп жатқан Cincinnati Masters халықаралық теннис турнирінде квалификация финалы аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Квалификация нәтижесі бойынша АҚШ-та Қазақстан атынан Зарина Дияс жарысты жалғастырады. Михаил Кукушкин турнирдің негізгі кестесінен әрі аса алмады.

Зарина Дияс америкалық теннисшіні жеңіп, іріктеу кезеңінен өтті. Ұзақ әрі тартысты матчта қазақстандық спортшы Джессика Пуланы 6:7, 7:6, 6:4 есебімен жеңді.

Турнирдің негізгі кестесіндегі бірінші айналымда Зарина жеке және жұптық разрядтағы әйел арасында төрт дүркін әлем чемпионы Серена Уильямсқа қарсы ойнайды.

Ойын 13 тамызда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы