Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зардап шеккендер жоқ: 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

25 Қыркүйек 2025, 08:11
819
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Венесуэланың солтүстік-батысында 6,2 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық дүмпудің ошағы Валера қаласынан 68 км солтүстік-батыста және Мене-Гранде муниципалитетінен 24 км солтүстік-шығыста орналасқан. Тереңдігі – 8 шақырым.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.

Бұған дейін, 18 қыркүйекте, АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) Индонезияда 6,1 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы