Запастағы офицерлер әскерге шақырылды

26 Қазан 2021, 21:28
4821
Бөлісу:
Запастағы офицерлер әскерге шақырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет  қаулысының жобасын әзірледі.

Аталған құжат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңының 32-ші бабына сәйкес әзірленді.

2022 жылы әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы 190 офицер Қарулы Күштердің офицерлік құрамы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін екі жыл мерзімге әскерге шақырылатын болады - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Осы  құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 8 қарашаға дейін мына жерден танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы