Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Заңсыз шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті

Бүгiн, 10:35
274
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Үндістанның Мегхалая штатындағы көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

All India Radio мәліметінше, Шығыс Джайнтия-Хиллс әкімшілік округінде шахтадағы жарылыстан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Операция барысында тағы бірнеше адамның денесі табылып, қаза болғандар саны 27-ге дейін өсті.

Мегхалая штатының бас министрі Конрад Сангма жарылыс заңсыз жұмыс істеп тұрған шахтада болғанын хабарлап, оқиғаны жан-жақты тергеуді тапсырды.

Осы оқиғаға байланысты полиция екі адамды ұстады.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанның солтүстік-шығысындағы заңсыз көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан кемінде 18 кенші қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы