Заңсыз қоқыс тастаған 660 адам айыппұл арқалады

27 Сәуір 2022, 03:43
1627
Бөлісу:
Заңсыз қоқыс тастаған 660 адам айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, олардың көбі қыста пайда болған.

Себебі кейбір мердігерлер қардың астына жасырып, құрылыстағы қалдықтарды қала маңына төгіп кетеді. Тек осындай 12 учаскіден 2 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал былтыр 330-дан астам рұқсат етілмеген үйінді жойылған. Заңсыз қоқыс полигондарын болдырмас үшін айыппұл 5 есе өскен.

Осы жылдың басынан бері экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 660 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы жеті жарым млн теңгеге жуық.

Өзгелердің жаңалығы