Заңсыз пәтерлер. Жетісуда лауазымды тұлғалар үйқамақта отыр

12 Шілде 2023, 18:30
810
Бөлісу:
Заңсыз пәтерлер. Жетісуда лауазымды тұлғалар үйқамақта отыр
Фото: автордан

Талдықорғанда мыңдаған заңсыз пәтерлер берілгені белгілі. Бүгінде соған жауапты лауазымды қызметкерлер тергеліп жатыр, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр қаланың экс-әкімі Әсет Масабаев қызметке тағайындала салысымен облыс пракуроры Мадияр Басшыбаевпен бірлесеп, облыстағы баспана мәселесіне ден қойған еді. Тіпті, уағында Алматы облысының әкімі болған Амандық Баталов өңірде елеулі қызмет еткен журналистерге «алақайлап» берген пәтерді де заңсыз рәсімделген деп құрыққа алған еді. 

Ақыры сот болып, облыс әкімдігі журналистер мүддесін жақтаған. Бірақ біраз шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлердің заңды белшеден басқаны белгілі болды, тіпті қос-қостап пәтер алғаны айғақталған. 

Сөйтіп заңсыз берілген пәтерлерді тартып алып, көпбалалы аналарға үлестіруге күш жұмсаған еді. Кезегі кері кеткендер, әкімді қаралап, заңға жүгінген. Соның дені көпбалалы аналар.

Өңірде пәтер мәселесі ушығып тұр ғой. Осыдан үш ай бұрын бұрынғы қала әкімі Әсет Масабаевқа жолығып, он жылдан бері кезегіміздің көтерілмей келе жатқанын айтқан едім. Менен кейін кезекте тұрғандардың өзі қоныс тойын тойлап үлгерді. Елдің сөзіне сенсек, ақша бергендер алға жылжитын көрінеді. Оған мына бала-шағаның аузынан жырып, қайдан қаржы тауып бересін. Осының бәрін әкімге жеткізген едім. Кеше қызметтен кеткенін естіп көңілім су сепкендей басылды. Енді қалай болар екен, - дейді көпбалалы ана Аягөз Талқанқызы.

Қазір, мереке сайын Талдықорғанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І-ІІ топ мүгедектері, толық емес және көп балалы отбасылар және басқа да әлеуметтік әлжуаз топтың өкілдеріне пәтер берілуде. Күні кеше сондай 98 пәтерді облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз қолымен тарту етті. Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, биыл 2 мыңнан астам тұрғынды баспанамен қамтимыз деп отыр. Ал заңсыз келген пәтерлерді қайтару үдерісі жүріп жатыр.

Соңғы уақытта Талдықорғанда тұрғын үйге қатысты мәселелер халық арасында жиі айтылуда. Қараңыздар, осы күнге дейін мыңнан астам үй заңсыз беріліп, алушылар құжаттарын мүлде заңдастыра алмаған. Осы бағытта қала әкімдігімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесе осы бағытта біршама жұмыстар атқарылды. Жұмыс нәтижесінде 750 пәтер 750 пәтер заңдастырылды. Оның 541-і пәтер иесіне рәсімделсе, 213-і мемлекеттік органдар балансына өткізілді, - дейді облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Оның айтуынша бүгінде 200-ден астам пәтерге қатысты құжаттар сотта қаралуда. Пәтерлерді заңсыз үлестіру бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Заңсыз пәтерлер. Жетісуда лауазымды тұлғалар үйқамақта отыр

Заң бәріне ортақ, дегенмен одан құтылып кетудің жолын іздегендер детабылады. Дәлелдің аздығынан әлде басқа да себеппен бе әкімдіктің бұрынғы лауазымды тұлғалары мен ортадағы делдалдар «үй қамағында» отыр. Яки, істің соңын күтуде.

Мен бұл пәтерді алу үшін әкімдіктің табалдырығын тоздырдым десе де болады. Қанша мәрте жағдайымды айтып, түсіндіре алмадым. Ақша бермесең, алмайсың дегендер де болды. Бірақ, оған көнбедім. 12 жылдан асты кезекте тұрғаныма, әйтеуір бүгін іліктім. Жауапты мамандар жылда келесі жылы беріледі деп айта берді. Міне, сол күнге жеттік қой. Жақында берілетін пәтерлердің тізімінде өзімді көргенімді таң қалдым. Қала әкімінің еңбегі зор. Ал кезекті заңсыз жылжытқандар жазасын алу керек. Мен сияқты қанша адам шырылдап жүр, - дейді көпбалалы ана Бақыт Шоранова.

Кезек дегеннен шығады, жоғарыда айтқандай сотталып жатқандардың дені, кезекті алға жылжытып бергендер мен сол үшін ақша алғандар. Тамыр-танысын ортаға салып араға делдал болғандар да жетерлік. Тіпті істі боларын біліп, жұмыстан ерте шығып кеткендер де табылады. Бірақ осының бәрін дәлелдеу үшін қыруар жұмыс істелуі қажет.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған дейін пәтерге кезек жүйесі бұзылып, 1 700 адам одан тыс қалған. Олардың дені кезектен қалып қалғанынан да бейхабар. Өткен жылы мамандар қала халқымен кездесу де, сондай-ақ басқа жиындарда осы мәселеге айрықша тоқталған еді. Мұның бас-қасында 2019-2020 жылдары кезекті электрондық форматқа ауыстыру барысында орын алған олқылықтар жатыр. Қазір оны қалыпқа келтіру процессі жүріп жатыр.

Бұл бағытта белсенді түрде жұмыстар әлі жалғасады. Осы күнге дейін 1400 тұлғаның кезегі қайта қалыпқа қойылды. Қалған 300-і бойынша жұмыс алдағы уақытта реттеледі. Біз әлеуметтік осыл топ өкілдерінің мәселесін бірінші қатарға қоямыз. Әрине, бәрі заңнның аясында болады. Ешкім заңды аттап кетуге қауқарлы емес, - дейді Мадияр Бекенұлы.

Осы ретте айта кететін жайт, әлеуметтік әлеуметтік осал топ өкілдеріне бағытталған «Коттедж қалашығының» құрылысының сапасыздығы. Тұрғындар қабырғасы сөгілгелі тұрған пәтерлерді алуға құлықсыз. Жылдар бойы күткен қуанышы су сепкендей басылғандай. Осы ретте жауапты мамандар екі жүзден астам үйдің құрылысының нашарлығына көз жеткізеген. 

Бүгінде жарты миллиардтан астам қаржыны үнемдегені анықталып отыр. Соған орай қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тіпті, тергеу барысында бірнеше адам ұсталып, қамауға да алынған. Түстеп өтсек, әкімдіктің 3 лауазымды тұлғасы мен техникалық қадағалауды жүзеге асырушы 2 маман істі болып отыр. Бұдан бір аңғарғанымыз, пәтер мәселесінде ағаттықтың бәрі солс алада жүрген қызметкерлердің бассыздығында болып отыр.

Қазір, Талдықорғанда аяқталмаған тұрғын үйлер самсап тұр. Алды 5-6 жылға жуықтаған үйлерді жаңбырдың суы үгітіп жатыр. Қазір осы бағыт та да жұмыстардан шикілік шығуда. Оны алдағы уақытта облыс прокуратурасы анықтайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы