Заңсыз айналымнан 900 мың теңгеден аса қаражат және 500 АҚШ доллары тәркіленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев мәлім етті.
2023 жылы 4 ойын залдары, 1 букмекерлік кеңсе (4 букмекерлік касса), 5 астыртын ойынхана, 1 онлай-казиноға қатысты қылмыстық істер аяқталды. Заңсыз айналымнан 111 монитор, 102 процессор, 1 ойын терминалы, 6 видео ресивер, 900 мың теңгеден аса қаражат және 500 АҚШ доллары тәркіленді. Сондай-ақ, 1 500 терминал жойылған болатын. Сонымен қатар, 986 күмәнді сайттар бұғатталды. 2023 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері бойынша - 18 қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңға, 14 тұлға қатысты сот үкімі шығып, олар сотталды, 3 іс сотта қаралып жатыр - дейді Сабырғали Балғалиев.