Заңсыз қару алып жүрген Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

4 Сәуір 2021, 01:23
1563
Бөлісу:
Заңсыз қару алып жүрген Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында заңсыз аңшы мылтықтарын тасымалдаған екі тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыз күні Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Бекбауыл елді мекені аймағында «ВАЗ 2107» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, 13 дана құс, 2 заңсыз аңшы мылтығы мен 25 дана оқ тəркіледі.

Оқиға орнында екі азамат анықталды. Олар еш жерде жұмыста жоқ аудан тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда құқық бұзушыларға катысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) хаттама толтырылып, тиісті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы