Заңсыз балық аулаған 262 браконьер ұсталды

21 Маусым 2021, 11:28
4596
Бөлісу:
Заңсыз балық аулаған 262 браконьер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.

17 мамыр мен 17 маусым аралығында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Операция барысында полиция қызметкерлері 262 браконьерді ұстады. Олардан тыйым салынған 326 шақырымдық балық аулау желілерін, 33 моторлы қайықты, 8,5 тонна балық және балық өнімдері тәркіледі, - деді ол.

Нұрділда Ораздың айтуынша, анықталған деректерге байланысты сотқа дейінгі 14 тергеу ісі басталды.

Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін 235 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Операцияға сондай-ақ балық шаруашылығы қауымдастығының өкілдері, әуесқой балықшылар мен еріктілер қатысты. Осы топтың көмегімен Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасына құрылған аулар мен иесіз қалған аулардан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілді, - деді туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Сондай-ақ ол бір апта ішінде 3387 қылмыс жасалып, оның 2304 тәулік ішінде ашылғанын айтты.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 28 тонау және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы