Заңның сөзі мен ісі қашан қазақшаланады?

20 Қараша 2022, 15:14
3119
Бөлісу:
Заңның сөзі мен ісі қашан қазақшаланады?

Бұл туралы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Заңның мәтініне қатысты, әсіресе, қазақша жазылуына қатысты халықтың сұрағы көп. Тәуелсіздік жылдары бірнеше заң қазақ тілінде жазылса, көбі ана тілімізге аударылады. Осы мәселе қалай шешіліп жатыр? Қайтсек заңның тілін қазақ тілі қыламыз?, – деп сұрақ қойды журналис «Біздің ел - біздің таңдау» онлайн марафонында.

Маманның айтуынша, еліміздің бас заңы Ата заң ҚР заңының 7 бабына сәйкес, елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Екіншіден, Тіл туралы заңына сәйкес, мемлекеттік басқару, заң шығару мемлекеттік тілде, қазақ тілінде жүргізілуі керек. Үшіншіден, былтыр халық санағы жүрді. Оның нәтижесіне сүйенсек, ел халқының 80 пайызына жуығы қазақтар, – деді Кәрібозова.

Ол «заң үстемдігі қазақша сөйлей ме?» деген сұраққа жауап берді.

Заң үстемдігі дегеніміз – ең алдымен, сапалы заңдар жиынтығы. Ол жай ғана сападан емес, оның түпнұсқасы қазақтілді білікті мамандармен жазылуы тиіс. Құқық саласын қазақтандыруда оң өзгеріс бар. Университетімізде қазақтілді заңға, контентке сұраныс артып келеді. Ана тіліміздегі оқулықтар, білікті заңгерлер сұранысқа ие. Сондықтанда, бұл мәселе біздің алдымызда тұрған кешенді шара, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы