Заңды білмей, оны сыйлау мүмкін емес - Серік Ақылбай

18 Тамыз 2023, 14:45
721
Бөлісу:
Заңды білмей, оны сыйлау мүмкін емес - Серік Ақылбай
Фото: автордан

Бұл жайында «Конституциялық реформаның басымдығы – әділетті қоғам» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде заңгерлер одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституцияның сыйлау - заңды сыйлау біздің қоғамда өте төмен деңгейде. Бәрін шешетін басшылар, соларға көңіл бөлінеді. Қалай болғанда солар арқылы жұмыс істеуге тырысады. Ал енді өзінің құқықтарын біліп, қолдау мәселесі төмен деңгейде. Кім Конституцияны оқып жатыр? Мектептерде, жоғары оқу орындарында бұл мәселе қандай деңгейде? Соған біз көңіл аударуымыз керек. Заңды білмей оны сыйлау мүмкін емес, - деді Серік Ақылбай.

Сондай-ақ дөңгелек үстелдің ашылуында Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков алда келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырған дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты біріншіден, Конституция күніне орай өзіміздің құрметімізді көрсету, екіншіден осы заңда қандай жаңа өзгерістер құрылды, қандай қиындықтар туындағанын талқылауға арнап отырмыз. Әрине, оған объективті баға беру мүмкін емес. Яғни мысалы үшін, конституциялық соттың, парламенттік жұмыстардың мәселесі ол үлкен механизим. Оны түсінетін адамдарға үлкен жұмыс. Сондықтан осыны алғашқы кезде тыңдайық деп шештік. Қазір дөңгелек үстелге шақырылған Қазақстанда белгілі конституциялық заңды мекемелерінің қауымдастығын, ой пікірін қосатын ел азаматтарын шақырып отырмыз, - деді Рамазан Сәрпеков. 

Өзгелердің жаңалығы