Заң жемқорларға неге «жұмсақ?» - Бас прокуратура жауап берді

26 Қазан 2023, 12:50
788
Бөлісу:
Заң жемқорларға неге «жұмсақ?» - Бас прокуратура жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл сұраққа Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер қауымы Бас прокуратура өкілінен: «Бас прокуратураның жемқорлық түрмеден ерте шығуына қатысты ұстанымы қандай? Біздің қазақстандық заңнама жемқорларға неге «жұмсақ»? деп сұрады.

Бұл жай ғана БАҚ-та солай... Өйткені шулы, резонанс тудырған істерге назар көп, ондай адамдардың бостандыққа шығуы да көп сөз болады. Шын мәнінде мерзімінен бұрын босау, жазаның өтелмеген мерзімін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру шараларына іліккендер көп. Ол қылмыстың көп санатына қолданылады. Алайда қолданылмайтын тұстары да бар. Мәселен террорлық қылмыстық, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар. Мерзімінен бұрын босату, мысалы, 2020 жылдан бастап жемқорларға толықтай қолданылмайды. Сондықтан жазаны жеңілдетуге қатысты қандай да бір шараларды қолдану мәселесін қарастырған кезде әрине, түрлі факторлар ескеріледі, - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

«Біз Бас прокуратураның ұстанымын білгіміз келеді. Адамдар біздің құқық қорғаушылар көбірек «жесеңдер», әрі қарай сатып алуға мүмкіндіктерің болады» деп белгі берілетінін айтады» деп сұрады журналист.

Ондай белгіні ешкім бермейді. Тағы да қайталап айтамын, бұл норманы: мерзімінен бұрын босатуды біз жемқорларға қолданбаймыз. 2020 жылдан бері қылмыс жасаған жемқорларға норма қолданылмайды, - деді Әсет Шындалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы