Заң қай тілде жазылып жүр? - Әділет министрлігі жауап берді

22 Қаңтар 2024, 17:11
1952
Бөлісу:
Заң қай тілде жазылып жүр? - Әділет министрлігі жауап берді
Фото: BAQ.KZ -архив

Әділет министрлігі заң жобаларды қазақша әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның айтуынша, Әділет министрлігінің қызметкерлері білікті заңгер болғандықтан, қазақ тілін жетік меңгерген. Сондықтан Заң жобалау жұмыстарының жоспары шеңберінде әзірленетін заң жобалары бірден қазақ тілінде әзірленуде.

Мәселен, Әділет министрлігі осы жылы зияткерлік меншік және нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша заң жобаларын қазақ тілінде әзірлеуде. Сонымен қатар, Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстары, жұмыс тобының және заң жобаларының талқылау отырыстары қазақ тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ бүкіл заң жобалары бойынша лингвистикалық сараптама міндетті түрде жүргізіледі. Жалпы заң жобалау жұмыстары мемлекеттік органдармен қазақ тілінде әзірленіп, жүргізіледі, - делінген ресми жауапта.

Өзгелердің жаңалығы