Заң мақұлданды: 16 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіге тіркеле алмайды

18 Қараша 2026, 12:37
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 18 Қараша 2026, 12:37
18 Қараша 2026, 12:37
125
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу, білім беру курстары авторларына білімі туралы мәлімет көрсету міндетін жүктеу және оккульттік қызметтер туралы контентке арнайы ескерту енгізу ұсынылып отыр. Бұл нормалар онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрылтай осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес, жедел хабар алмасу сервистерін қоспағанда, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады.

Сонымен қатар уәкілетті органға жазылушылар аудиториясы 5 мыңнан асатын онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізілімін жүргізу құзыреті беріледі.

Білім беру курстарының авторларына талап қойылады

Жаңа нормаларға сәйкес, онлайн-платформаларда білім беру курстарын немесе белгілі бір сала бойынша оқыту материалдарын тарататын пайдаланушылар тиісті білімі бар екенін көрсетуге міндеттеледі. Ол үшін диплом немесе сертификат туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат ұсынылуы керек.

Оккульттік қызметтерге ескерту енгізіледі

Заң жобасында «оккульттік қызметтер» деген жаңа ұғым енгізу көзделген. Оған табиғаттан тыс, паранормалды немесе ғылыми тұрғыдан расталмаған қабілеттер туралы мәлімдемелерге негізделген қызметтер жатады.

Мұндай қызметтер туралы контент міндетті түрде оның ойын-сауық сипатында екенін және ғылыми немесе практикалық тұрғыдан расталмағанын көрсететін ескертумен сүйемелденуге тиіс.

Аталған нормалар онлайн-платформалар мен масс-медиа саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасында қарастырылған.

Наверх