Барлық замандастарымды ұлтшылдыққа емес, ұлтжандылыққа шақырамын - студент

4 Қыркүйек 2019, 15:40
2894
Бөлісу:
Барлық замандастарымды ұлтшылдыққа емес, ұлтжандылыққа шақырамын - студент
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордадағы Сәкен Сейфулин атындағы Агротехинкалық университетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы талқыланды. 

Жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, университет ректоры Ақылбек Күрішбаев және оқытушылар мен студенттер қатысты.

Жолдауды талқылау барысында өз ойын ортаға салған аталған университеттің екінші курс студенті Ақжан Бауыржанқызы Президент Жолдауында жастар мәселесіне айтарлықтай басымдық берілгенін айтты.

«Президент өз Жолдауында 2020 жылдың еріктілер жылы деп атап көрсетуі қуантарлық жайт болды. Біздің қоғамдағы белсенді өміріміз мемлекеттік деңгейде қаралуы біздің қанатымызды қатайтып, жұмысымызға шабыт бергені рас. Қазіргі кезде Қазақстанда еріктілердің жұмысы жүруі үшін барлық жағдай жасалған» - дейді «Агрономия» факультетінің студенті.

Оның айтуына қарағанда соңғы жылдары елімізде өткен бірнеше халықаралық шаралар еліміздегі еріктілер жұмысының жандануына негіз болды.

«Менің ойымша 2020 жыл тек қазақстандық жастар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлт болып еліміздің өркендеуіне, қоғамдағы өз игілігіміз үшін ат салысамыз деген ойдамын» - дейді ол.

Ақжан Бауыржанқызы Мемлекет басшысының өз Жолдауында мемлекеттік тілге аса мән бергеніне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік тілге жеке тоқталды. Біз Қазақ елі болғанымызбен, 21 ғасырда қазақстандықтармыз. Сондықтан мен барлық замандастарымды ұлтшылдыққа емес, ұлтжандылыққа шақырамын» - дейді студент 
Өзгелердің жаңалығы