Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы заң жобасы қаралды

11 Желтоқсан 2019, 11:56
4521
Бөлісу:
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы заң жобасы қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР бірінші вице-премьері және қаржы министрі Әлихан Смайылов жаңа заң жобасын таныстырды.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынып отырмыз. Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2021-2022 жылдары Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың біздің елді бағалауының екінші раундына дайындалуға байланысты туындап отыр. Қазіргі кезде ұлттық заңнамаға енгізілмеген  жаңа стандарттарды бекіту маңызды. Бұл заң жобасының мақсаты біріншіден, халықаралық стандарттарды енгізу және қаржы мониторингі саласында ұлттық жүйені одан әрі жетілдіру ескерілген, - дейді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, осыған байланысты клиентті тиісінше тексеру, ішкі бақылау жүргізу және күмәнді операция туралы хабарлама жіберу сияқты қаржы мониторингі рәсімдеріне өзгерістер ұсынылады. 
Қаржы мониторингі саласындағы уәкілетті органға реттеуші мемлекеттік органы жоқ қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруға құзырет беріледі. Бланкеттік нормаларды жою мақсатында қаржы мониторингі субъектілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамы қайта қаралды, тәуекелдерді талдау негізінде санкциялар азайтылды.Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдар үшін халықаралық өзара іс-қимыл рәсімдері, оның ішінде қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару бойынша рәсімдер регламенттелген, - дейді министр.
Аталған заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.




Өзгелердің жаңалығы