Z ұрпаққа идеология жүрмейді – Қожахметова

20 Қараша 2022, 13:50
1972
Бөлісу:
Z ұрпаққа идеология жүрмейді – Қожахметова

Ата-анадан тәуелсіз ұрпақ өсіп келе жатыр. Бұл туралы  «Talbesyk» көпбалалы аналар одағының жетекшісі Ләззат Қожахметова айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен, мен 70-80 жылдары дүниеге келген Y және X ұрпақтар үшін идеология маңызды, рухани құндылықтар маңызға ие. Біз үшін көшбасшы болуы керек. Бізді басқару оңай. Бізге рухани құндылықтарды ұсынылса болды.

Қазіргі 2000 жылдан бері қарай туған ұрпақ үшін материалдық құндылық маңызды. Олар үшін идеология, жердің тұтастығы, жер және тіл мәселесі маңызды емес, – деді спикер.

Айтуынша, 70-80 жылдары туған ұрпақ үшін ұжым, яғни “бәріміз” деп істі бастаған. Ал Z ұрпақ кәсіп саласына, өзіне келгенде жекелікке ұмтылады.

Z-тер бір адамның соңынан ермейді. Идеология жүргізу тиімсіз. Мысалы, 90-шы жылдардағы студенттер қазірге дейін тіл мәселесін, жер мәселесін көтеріп, көшеге шығады. Ал Z ұрпақ олай көшеге шықпай-ақ өздері білімі мен технологиясы арқылы жасап алады, – деді Қожахметова.

Өзгелердің жаңалығы