Қызылордалық еріктілер жалғызбасты анаға үй салып берді

31 Шілде 2019, 21:35
1657
Бөлісу:
Қызылордалық еріктілер жалғызбасты анаға үй салып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анаргүл Беласарова – ІІ топ мүгедегі. Соған қарамастан жалғыз өзі үш баланы бағып отыр. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Келіншек бар тапқан-таянғанын пәтер жалдауға жұмсап, күнелтіп келген. Оның мұндай қиын жағдайға тап болғанын ескерген «Жанарған Жаңақорған жастары» еріктілер ұйымының мүшелері көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Өз қалауларымен ақша жинап, 1 айдың ішінде баспана тұрғызып берді.

Қол ұшын созуға ниеттілер қатарынан кәсіпкерлер мен аудан әкімдігі де табылды. Жалғызбасты ана игі іске атсалысқан барлық жанға алғысын білдірді. Ал жүректі жастар алдағы уақытта да мұқтаж отбасыларға жәрдемдесуді жалғастыра бермек.

Өзгелердің жаңалығы