Қызылордада құрылыс саласы қарқынды дамуда

31 Шілде 2020, 04:35
1395
Бөлісу:
Қызылордада құрылыс саласы қарқынды дамуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл шаһарда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1406 пәтерді құрайтын 87-і тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

Жүргізіліп жатқан құрылыстың 815 пәтерінің 20-сы жалға берілсе, 215 пәтердің 57-сі кредитке және 376 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүзеге асады. Бұған қоса, жыл соңына дейін 698 отбасы пәтерді жалға алса, ал 115-і кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар есебінен 156-ы пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деді Арнұр Әлібекұлы.

Бұдан бөлек , "Бақытты отбасы" әлеуметтік бағдарламасы аясында табысы төмен көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың тұрғын үй алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2-і пайызбен тұрғын үй қарыздары берілуде.



Өзгелердің жаңалығы