Қызылордада көлік ұрлаған күдікті ұсталды

1 Қазан 2019, 08:36
1888
Бөлісу:
Қызылордада көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға қыркүйек айының 26-сынан 27-сіне қараған түні орын алған. Бұл туралы Қызылорда қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала тұрғыны өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 32 жастағы бұрын сотты болған Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

«Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы