Қызылордада «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі өтті

6 Наурыз 2019, 20:11
5925
Бөлісу:
Қызылордада «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі өтті
Фото: автордан

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда қаласында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды.

Қызылордада «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі өтті

Шеруді орталаң алаңнан бастаған қатысушылар қаланың бірнеше көшесімен жүріп өтті. Ірі ойын-сауық, сауда орталығының ішіне де енді.

Қызылордада «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі өтті

Қызылордада «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі өтті

«Халқымыздың қолөнерін ғасырдан ғасырға жеткізіп келе жатқан шеберлерге, жалпы өнер иелеріне алғысымыз шексіз. Шарада отызға жуық ұлттық киім үлгісі көрсетілді. Әжелеріміздің кимешегі, бәйбішенің киімінен бастап, ұзатылатын қыздың сәукелесіне дейін болды. Ұлттық киім киген арулар, аналар көпшілік алдында жүріп, халық әндерін шырқап, шаһарды шаттыққа бөледі», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бақыткүл Бекмамбет.

«Қарлығаш» шеберлер орталығының төрайымы, Қазақстан қолөнершілер одағының облыстағы өкілі Қарлығаш Ильясованың айтуынша, осы шарадағы ұлттық киімдер жергілікті модельерлердің қолынан шыққан.

«Бүгінгі шерудің басты мақсаты – Сыр өңіріндегі модельерлердің тіккен ұлттық киімдерін насихаттау, ежелгі және заманауи үлгідегі қазақ әйелдерінің киімдерін көрсету. Ұлттық киімнің тәрбиелік маңызы зор. Оны киген арулар етек-жеңін жинап жүреді. Сондай қасиеті бар. Осы шара арқылы қыз-келіншектерді қолөнер бұйымдарын жасап үйренуге, оларды тұтынуға шақырып отырмыз. Өз қолөнерімізді дамытып, өз өнімдерімізді шығарып, өрісін кеңіте беруіміз керек», - дейді Қарлығаш Ильясова.

Өзгелердің жаңалығы