Қызылордада екі күн ішінде есірткі затын сақтаған 14 тұрғын анықталды

7 Мамыр 2020, 03:22
1545
Бөлісу:
Қызылордада екі күн ішінде есірткі затын сақтаған 14 тұрғын анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер екі күн ішінде есірткі затын заңсыз сақтаған 14 тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.    

3-4 мамыр күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі затын сақтаған облыс орталығының 14 тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, шамамен 26-45 жас аралығындағы облыс тұрғындарынан жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат анықталған. 

Сараптама қорытындысы бұл заттардың "марихуана" есірткі заты екендігін бекіткен. Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы