Қызылорда облысына өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді

18 Шілде 2020, 17:41
1588
Бөлісу:
Қызылорда облысына өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркия елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек пен 30 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) жеткізілді. Оның ішінде аппараттың 10 данасы Қызылорда облысына берілді.


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет кентінде орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығына барып, Түркия елінен келген өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын табыстады.

Аппараттың үшеуі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал қалған жетеуі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізіледі.

Айта кету керек, Түркия үкіметімен бірге қазақ қауымдастығының өкілдері де қаржы жинап әлімізге қолдау көрсетуде. Кандастарымыздың өзі бір жарым млн доллар қаражат жинап, атамекенге қажетті препараттар жіберген болатын. Бұл дәрі-дәрмектер еліміздің бірқатар аймақтарына жөнелтілді.

Облыстық туберкулез ауруханасында 120 орындық инфекциялық стационар ұйымдастырылған. Оның ішінде 6 төсек реанимациялық бөлім болып ашылған. Бүгінгі таңда стационарда 111 науқас ем алуда, оның 4 реанимациялық бөлімде. Тағы 9 азамат облыстық көпбейінді және қалалық ауруханадан ауыстырылатын болады. Айта кету керек, Қазақстандағы "Вi-group" құрылыс компаниясы 10 оттегі концентратын фтизиопульмонология орталығына сыйға тартқан.
Өзгелердің жаңалығы