Астанада Кардиохирургиялық орталықта қазақстандық кардиолог Юрий Пя донорлық мәдениетке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Статистика бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің ең көп тараған себебі болып есептеледі. Қазақстанда жүрек ауруларын уақтылы диагностикалау және алдын алу мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Жүрек жеткіліксіздігінің асқынған түрлерінде пациенттерге донорлық жүрек трансплантациясы қажет болуы мүмкін. Дегенмен донорлық пен халықтың осыған дайындық деңгейі төмен болуының кесірінен ағза трансплантациясын күту тізіміндегі пациенттердің өмірін сақтап қалу үшін басқа шешімдерді іздеуге тура келеді.
Қазақстандық кардиолог Юрий Пя ақпаратты адамдарға дұрыс жеткізсе, мәселені шешуге болады деп есептейді.
Біреу тұрмыстық жарақаттан, ал біреу апаттан немесе қан кетуден қайтыс болады. Бұл адамдардың барлығы әлеуетті донорлар. Былтыр мен полициямен сөйлестім,олар өткен жылы жол апаты салдарынан 3 мың адам қайтыс болғанын айтты. Бірақ олардың арасында бірде-бір донор болған жоқ. Адамдардың донорлық туралы түсінігі өте төмен. Бұл мәдениеттің деңгейі бір жылда өспейді. Бұл туралы күн сайын айту керек. Заң шығаруға болады, алайда ол жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ сіз жауапкершілікті ала аласыз, - деді дәрігер.
Еске сала кетейік, жақында ғана Астанада Кардиохирургиялық орталықта дәрігерлер бір донордың арқасында бірден бес пациентке ота жасады.
Елімізде 40-қа жуық донорлық стационар бар.