Юрий Польский Азия теннис федерациясының президенті атанды

12 Желтоқсан 2023, 13:23
493
Бөлісу:
Юрий Польский Азия теннис федерациясының президенті атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты

Қазақстандық Юрий Польский Азия теннис федерациясының президенті атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Юрий Польский енді алдағы төрт жылда Азия теннис федерациясына (ATF) басшылық етеді. 

12 желтоқсанда Бангкокте өткен ATF бас сессиясында сайлау өткізілді. ATF президенті лауазымына Таиланд, Жапония және Шри-Ланки кандидаттары үміткер болды. Юрий Польский 55-тен 34 дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол президент лауазымына сайланғаннан кейін Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін де басқаратын болады. Бұған дейін ол 4 жыл бойы вице-президент қызметін атқарып келді.

Польский Юрий Федорович - 1987 жылы дүниеге келді. Нұр-Сұлтан қаласында туған. 2009 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін  «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Экономика мамандығы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистры атанды.

Еңбек қызметі:

  • 07.2007 - 01.2011 жылдары – ЖШС «Keremet IT» компаниясының қаржы директоры;
  • 09. 2011 жылы ЖШС «KPMG-Audit» компаниясының supervisor (жобаның жетекшісі);
  • 04. 2014 ж. - 12. 2016 ж. – Қазақстан теннис федерациясының қаржы директоры;
  • 2016 жылдың желтоқсанынан бастап – 2019 жылдың қараша айына дейін Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры;
  • 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап – Қазақстан теннис федерациясының Вице-президенті.
Өзгелердің жаңалығы