Юрий Ильин азаматтарды қабылдады

19 Мамыр 2021, 19:43
1451
Бөлісу:
Юрий Ильин азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн қабылдады.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарынан бірқатар сұрақ түсті. Министрдің атына келген сұрақтардың басым бөлігі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болды.

Юрий Ильин азаматтарды қабылдады

Мәселен елорда тұрғыны өз үйінің ауласында шлагбаум орнатудың қаншалықты заңды екендігін сұрады. Өз кезегінде Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қызметкерлеріне өтініш берушімен кездесіп, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қазақстандықтар ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңінде атқарған жұмысына алғыстарын білдірді.

Юрий Ильин азаматтарды қабылдады

Қабылдау соңында ведомство басшысы ТЖМ жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді және барлық азаматтың өтінішері жауапсыз қалмайтындығын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы