Елордада ЮНЕСКО Ұлттық комитеттің іс-шарасы болды

9 Шілде 2019, 21:41
2221
Бөлісу:
Елордада ЮНЕСКО Ұлттық комитеттің іс-шарасы болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық академиялық кітапханада ЮНЕСКО Ұлттық комитет мүшелері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ЮНЕСКО Ұлттық комитетінің «Әлемдік мұра» бағдарламасы және Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау бойынша Ұлттық комитеттің іс-шарасы болып өтті.

«2017 жылы ҚР премьер-министрінің жарлығымен Сирек кітаптар мен ұлттық қолжазбалар орталығы құрылған болатын. Қазақстанның қор ұстаушылары-мекемелеріменбарлық сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмелерін жинау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», - деді жиынның ашылуына қатысқан Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Мұңалбаева.

IMG_5492.JPG

Ал ҚР Сирек кітаптар мен ұлттық қолжазбалар орталығының директоры Жандос Болдықов мәлімдемесін жасады.

«Қазақстанның сирек кітаптар қорын иеленуші-кітапханалардың жұмыс тәжірибесі қажетті талаптарға сәйкес кітап ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету өте қиын екенін көрсетіп отыр. Сонымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кітапханалар жүйесінің сирек және құнды кітаптар қорында 82 мыңнан аса сирек және құнды материалдар, кітап ескерткіштері бар. Оларды зерттеу олардың қалыптасуының теориялық және әдіснамалық негіздерінің жеткілікті әзірленуіне байланысты көптеген қиындықтарды тудырады. Бұның бәрі Бірыңғай ұлттық бағдарлама аясында Кітап ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін шешудің орындылығын растайды».

IMG_5477.JPG

1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның (ЮНЕСКО) мүшесіне кірген болатын.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік бағдарламасының еске алу жөніндегі Ұлттық Комитетінің басты мақсаты – Әлемдік құжаттық мұраны қорғау.

Қазақстан Республикасы ұзақ тарихқа ие, әлемдік өркениет қазынасына қосылған мәдени құндылықтардың иесі.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік бағдарламаның Дүниежүзілік еске алу тізіміне мыналар кіреді:

·        Қожа Ахмет Яссауи және оның ізбасары Сүлеймен Бақырғанидың қолжазбасы (2003 ж.);

·        «Неведа-Семей» антиядорлық қозғалысының құжаттары (маусым 2005 ж.)

·        Арал теңізін қорғауға қатысты құжаттар (шілде 2009 ж).

Өзгелердің жаңалығы