ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» қазақ мұраларымен толықты. Олар қандай еңбектер

Шешім Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының отырысында қабылданды.

 depositphotos.com 5 Қараша 2026, 23:20
5 Қараша 2026, 23:20
48
Фото: depositphotos.com

Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы «Әлем жады» тізіміне енді.

Шешім Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының отырысында қабылданды.

Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының отырысында Қазақстан ұсынған екі номинацияны ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл еңбектер: 

«Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы»;
«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы».
«Қос мұраның тізімге енуі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды. Өз кезегінде бұл еліміздің мұрасын шетелде кеңінен танытуға мүмкіндік береді, – делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық бірқатар мұра «Әлем жады» бағдарламасының тізіміне енген болатын. Олардың қатарында «Хандар шежіресі» қолжазбасы, Қожа Ахмет Ясауидің қолжазбалары, Шоқан Уәлихановтың қолжазбалары мен карталары, Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім Ата) шығармалары, Невада-Семей ядролық қозғалысының архивтік құжаттары бар.

Наверх