Юлия Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды

30 Тамыз 2023, 17:17
669
Бөлісу:
Юлия Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Үлкен дулыға" санатындағы US open турнирінің алғашқы айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдік рейтингіде 78-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:0 есебімен жеңгенімен, екінші сет тай-брейкке дейін ұласып, онда италиялық теннисші басым түсті - 7:6(7:0).

Үшінші шешуі сет те тай-брейкке дейін жалғасты. Онда да Мартина Тревизан жеңді 7:6(10:8).

Қазақстандық теннисші тартысқа толы матч кезінде бір эйсті орындап, үш қос қателік жасады. Ол 19 брейк-пойнттың тек сегізін сәтті пайдалана алды.

Осылайша, қазақстандық теннисші US Open 2023 турнирін аяқтады.

 

Өзгелердің жаңалығы