Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Төртінші айналымда ол хорватиялық Петра Мартичтен 6:3, 2:6, 6:4 есебімен басым түсті. Екеуара кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.
Айта кетерлігі, Путинцева енді ширек финалда әлемнің 41-ракеткасы америкалық Дженнифер Брэйдимен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Путинцова төртінші айналымда бақ сынайтынын хабарлаған болатынбыз.