Юлия Путинцева Рабатта өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

23 Мамыр 2023, 05:34
703
Бөлісу:
Юлия Путинцева Рабатта өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің екінші, әлемнің 61-ракеткасы жарыстың алғашқы айналымында марокколық Ая Эль-Аунимен бақ сынасты.

Бірінші партияда үш брейк жасаған Юлия Путинцева 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Ол екінші сетте де 3:0 есебімен оқ бойы озық шықты.

Қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін иеленді. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.

Айта кетерлігі, доданың жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құрайды. Рабаттағы жарыс 27 мамырға дейін созылады.

Өзгелердің жаңалығы