Юлия Путинцева Бирмингем WTA турнирінің екінші кезеңіне өтті

19 Маусым 2024, 17:29
277
Бөлісу:
Юлия Путинцева Бирмингем WTA турнирінің екінші кезеңіне өтті
Фото: olympic.kz

Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін Путинцева күш алып кетті – 6:3. Екіншісінде де сол қарқынынан тана қойған жоқ – 6:4.

Юлия ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининамен жолығады.

Өзгелердің жаңалығы