Қытайдан Қазақстанға кіргізбекші болған жоғары радиациялы жүк кері қайтарылды

29 Қаңтар 2019, 11:48
2495
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Қытайдан Қазақстанға 160 тоннаға жуық жоғары радиациялы жүкті кіргізбек болғаны анықталды. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлайды.

«25 қаңтарда «Майқапшағай» кеден бекетінде Қытай халық республикасынан келе жатқан «керамикалық ұсақталатын шарлар» тауарын «Янтарь-1А» радиациялық бақылаудың автоматтық жүйесімен тексеру барысында радиациялық шек деңгейі 3,4 есе шамадан асырылғаны анықталды. Еуропалық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес, жалпы салмағы 158 875 кг құрайтын жоғарыда аталған жүк тиелген еті автокөлік құралы тез арада ҚХР аумағына кері қайтарылды», - деді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасында.

Ведомствода кеден бекетінің техникалық жабдықтар алуының арқасында қызметкерлер ел аумағына радиациялық қауіпті жүктердің кіргізілуіне тосқауыл болып отырғанын ерекше атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы