Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны артуда

21 Қаңтар 2020, 05:31
1752
Бөлісу:
Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны артуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған тағы да 139 адам анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Тіпті дертке шалдыққандар өзге елдерде де тіркеліп жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жуырда белгісіз вирус Оңтүстік Кореяда да анықталды. Оған дейін Таиланд пен Жапонияда тіркелген болатын. Осыған орай әлем елдері алаңдаушылық білдіріп отыр. Мамандар көрші елдердің әуежайларында жолаушылардың денсаулығын жіті бақылауға кірісті.

Жаңа вирус әлі толық зерттеліп бітпегендіктен, емделу әдісі табылған жоқ. Алайда мамандар дерттің таралмауына қатысты алдын ала шараларды қолға ала бастады.

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны күн санап артып барады. Соңғы мәліметке сәйкес науқастардың қатары 200-ден асып жығылды. Олар Ухань шаһарында ғана емес, сонымен қатар Бейжің мен Шэньчжэнь қалаларында да тіркелген.

Толық зерттелмеген дерттен күні бүгінге дейін 3 адам көз жұмды. Мамандардың дерегі бойынша 44 адам ауыр халде жатыр. Ал, науқастармен байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында.
Науқастардың бәрінде аурудың бірдей белгілері байқалады. Біз олармен қатынасқан 763 адамды бақыладық, 681-і карантиннен босатылды. Олардың ешқайсысына дерт жұққан жоқ. Тиімді шаралар қабылдап, сырқаттың таралуына тосқауыл қоя аламыз. Зертеулердің алғашқы нәтижелеріне қарағанда, бұл вирустың адамнан адамға жұғу қаупі төмен. Бірақ ондай мүмкіндікті де қарастыруға тиіспіз, - деді Ухань қаласы ауруларды бақылау орталығының жетекшісі Ли Ган.


Өзгелердің жаңалығы