Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің қаласында Қытайдағы ең биік CITIC Tower ғимараты ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқи отырыңыз:
«Америкалық Kohn Pedersen Fox дизайн бюросы салған CITIC Tower мұнарасы Қытайдағы ең биік төртінші, ал әлемдегі ең биік сегізінші мұнара болды», - делінген хабарламада.
1974 жылы құрылған Kohn Pedersen Fox дизайн бюросы әлемдегі көптеген биік ғимараттардың авторы, олардың төртеуі әлемдегі ең биік 10 ғимараттың тізіміне енген.