Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. База жалпы ауданы 120 мың шаршы метр болатын 16 қабатты ғимаратта орналасады, деп хабарлады "Синьхуа" агенттігі.
Коронавирус COVID-19 пандемиясының эпицентріне айналған Қытайдың орталық Хубэй провинциясында ірі эпидемиялық жағдайлар кезінде пациенттерге медициналық көмек көрсету, аурудың алдын алу және бақылау үшін 800 төсек-орынға арналған мамандандырылған медициналық базаның құрылысы басталды. База жалпы ауданы 120 мың шаршы метр болатын 16 қабатты ғимаратта орналасады. Құрылыс жұмыстарына 3 жыл кетеді деп жоспарланған.
Жұқпалы ауруларды емдеу талаптарына сәйкес келетін жаңа база Хубэй провинциясының әкімшілік орталығында орналасқан Чжуннань Ухань университетінің ауруханасы жанынан құрылады. Құрылыс жұмыстарын үш жылда аяқтау жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Аурухананың бас дәрігері Чжуннань Ван Синхуань бұл база Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға қарсы күресте басқару жүйесін жақсартуға және әлеуетті арттыруға қатысты орталық биліктің өкіміне сәйкес құрылатынын мәлімдеді.
Жай күндері база халық үшін толыққанды аурухана қызметін атқарады, алайда ірі індеттер кезінде жұқпалы ауруларды орталықтандырылған емдеу шараларына бағытталады, – деп жазады агенттік.
Бұған дейін Қазақстанда ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі 16 көпбейінді аурухана салынатынын хабарлаған болатынбыз
хабарлаған болатынбыз. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі ауруханалардың жалпы тозу көрсеткіші 60% екенін
айтқан еді.