Ысырапқа жол жоқ – Тоқаев Әл-Фараби мен Абай мерейтойларына қатысты тапсырма берді

2 Қыркүйек 2019, 11:27
3028
Бөлісу:
Ысырапқа жол жоқ – Тоқаев Әл-Фараби мен Абай мерейтойларына қатысты тапсырма берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойлар барысында ысырапқа жол бермеу керек деді.

Президент алғашқы Жолдауында 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмыскерлерінің саны 25 пайызға қысқартылатынын айтты. 

Бұған қоса, Мемлекет басшысы ендігі жылы Әл-Фарабидің 1150-жылдық, Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойларын атап өтілетінін айтты.

«Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге – тәуелсіздіктің 30-жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз керек», - деді Тоқаев.

Атап өтсек, Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы