Ыстықкөлде қар құрсауында қалған қазақстандықтар құтқарылды

11 Желтоқсан 2023, 00:18
494
Бөлісу:
Ыстықкөлде қар құрсауында қалған қазақстандықтар құтқарылды
Фото: baq.kz

Ыстықкөл облысында қазақстандық туристер мінген көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қазақстан азаматтарын қар көшкінінің астынан шығаруға көмектесті.

Мәліметтерге сәйкес, көліктегі 5 адамнан тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып шықты. Олар Қаракөл тау шаңғысы курортына демалуға келген, - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Тау-құтқару жұмыстары қызметінің 7-ші жеке мобильді тау-кен-құтқару взводының 4 құтқарушысы, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақ-Суу аудандық бөлімінен 2 құтқарушы шұғыл түрде оқиға орнына келді. Олар құтқару көлігінің көмегімен тұрып қалған көлікті шығаруға көмектесті. Қазіргі таңда туристердің жағдайы қалыпты. Олар ауа райы жақсарғанша Қаракөлде болады.

Өзгелердің жаңалығы